Алматы облысында мемлекеттік бағдарламамен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 2 мыңдай адам баспаналы болды. Алдағы уақытта «Нұрлы жер» және «Өз үйім» бағдарламалары арқылы Талдықорғанда 300 пәтер пайдалануға беріледі. Қазір бұл баспаналардың құрылысы қарқынды. Шаһарда алғаш рет биік 16 қабатты үш тұрғын үй салынып жатыр. Бұл пәтерлерге банк салымшылары арнайы байқау арқылы ие бола алады. Жалпы, өңір бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 6 мыңдай адам үйлі болды.
Жасұлан Құрманғалиев, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АОФ директорының орынбасары:
- Келесі жылы Алматы облысы бойынша Талғардан екі үй беріледі. Содан кейін Қапшағайда салынғалы жатыр.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.