Қазақстанның сайлау жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп жатыр. Әсіресе, мәслихат депутаттарын таңдау барысына. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 25 жылдығы аясында өткен халықаралық конференция барысында айтылды. Жиынға бірнеше елден мамандар қатысты. Қазақстан олардың сайлау жүйесіндегі ерекшеліктерімен танысып, Қазақстанда қолдануға тиімділерін зерттеп жатыр. Әсіресе, сайлауға цифрлық технологияларды енгізу, электронды дауыс беру жүйесін пайдалану тәсілдері біздің мамандарды қызықтырып отыр.
Бүркітбай Аяған, ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі:
- Біріншіден, сайлауды әділетті өткізуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, шалғай жерде тұрып жатқандарға өздерінің азаматтық борыштарын толық атқаруға мүмкіндік беріп отыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.