ЕАЭО құру - өміршең идея - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО құру - өміршең идея

05.06.2014
Үш мемлекеттің ынтымағы ең әуелі өзіміздің кем-кетігімізді түзеп алуға итермелеуі тиіс. Сапалы тауар шығарып, бәсекеге төтеп берудің жайын қарастырғанымыз жөн. Қазақстан, Ресей және Беларусь Республикасы дамудың жаңа жолын бастайды. Бұл бірігудің тиімділігі мол, дейді сарапшылар. Бизнестен басқа білім, ғылым, мәдениет саласының мамандары бір-бірімен еркін тәжірибе алмасады.
 
Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы, профессор:
Бәрібір ертең Дүниежүзілік сауда ұйымына кіреміз. Басқа елдерден келеді, келіп те жатыр қазір. Сондықтан одаққа кіру - бізге үлкен мүмкіндік тудырып отыр. Біз халықаралық деңгейде жұмыс істеуге дайын болуымыз, үйренуіміз керек. Бұл - үлкен мектеп.
 
Асылы Осман, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы:
Қазақ айтқан: «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас» дейді. Негізінен, көршімен тұрғаннан кейін ымыраластықта, бірлікте, ынтымақта, түсіністікте болғаны жақсы. Әрбір мемлекет өз мүддесін бірінші орынға қояды. Қазақстан да өзінің мүддесін бірінші орынға қояры хақ.
 
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу