Мемлекеттік хатшының қатысуымен ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшының қатысуымен ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

02.11.2018

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында әлеуметтік-демографиялық және этносаралық салалардағы 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми жұмыс жоспары қаралды. Сондай-ақ, ғылыми-сарапшылық кеңестің, әлеуметтік-демографиялық даму зерттеулер орталығы қызметінің мәселелері де талқыланды. Биылғы жылдың этносаралық қатынастар саласындағы әлеуметтік зерттеулерінің қорытындылары да сөз болды. Жиын аясында көрме ұйымдастырылған. Оған биылғы зерттеу жұмыстарының тың дүнеиелері қойылыпты. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейі мен Қарағанды облысының археологиялық институты қызметкерлерінің ерекше жұмыстарының нәтижесі.

Зейнолла Самашев, тарихшы-археолог:

-Биыл 17 жастағы ер адамның мүрдесі табылдые. Бұл етігіне жапсырылған бисерлер. Ал, мынау  қасында жатқан пышағы.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу