Ақмола облысындағы 58 мың қызметкердің айлығы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы 58 мың қызметкердің айлығы өседі

02.11.2018

Келер жылдан бастап Ақмола облысындағы 58 мың қызметкердің айлығы өседі. 1,5 есеге. Яғни, бюджеттік ұйым жұмыскерлерінің жалақысы 35 пайызға артады. Ал төменгі ақы төленетін 20-дан астам компания осы айдан бастап жұмыскерлерінің айлығын көтермек.

Жалпы, облыстың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды. Астықты аймақ күзгі жиын-терімді де алғашқылардың бірі болып аяқтады. Жалпы түсім – 5,6 млн. тонна. Орташа өнімділік гектарына 13 центнерден айналады. Импортты ығыстыруда өңірдің үлесі қомақты.

Бір ғана Макинск құс фабрикасы елдегі сұраныстың 30 пайызын жауып отыр. Дегенмен, облыста жол мәселесі өзекті. Әсіресе, Астана іргесіндегі елді мекендердің тұрғындары жол азабын тартуда. 

Мәлік Мырзалин, Ақмола облысының әкімі:

Бұл мәселеге қатысты кешенді жоспар бар. Келер жылы Целиноград ауданының жолын жөндеу үшін 4 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жол мәселесін түбегейлі шешуге жетеді. Жалпы, Астана маңындағы елді мекендерді дамытуға биыл 9,5 млрд. теңге бөлініп, оған мектеп, аурухана, жол құрылыстары салынды. 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу