Бірі 43 мВт, екіншісі 42 мВт электр энергиясын өндіреді. Бұл өңірдегі барлық елді мекендердің сұранысын өтеп, жаңа өндіріс орындарын жарықтандыруға жетеді. Қоршаған ортаға зиянсыз екі станция Түпқараған ауданында бой көтерді. Қытайлық инвесторлардың жобасы келесі жылы көктемде іске қосылады. Қазір станцияның барлық техникалық жүйесі шоғырланатын орталықтың құрылысы аяқталды. Енді әрқайсысының қуаты 2,5 мВт-тық 17 жел диірмені орнатылады. Құрылыс жұмыстарына 70 адам жұмылдырылған. Ал, келесі станцияның құрылысы жартылай аяқталды. Мұнда 24 жел диірмені болады.
Сергей Парцикян, мердігер компанияның бас директоры:
- Жобаның құны - 47 млн. АҚШ долларын құрайды. Инвестордың қаржысына салынып жатыр. Қажетті жабдықтар Қытайдан әкелінді. Компанияның бұл салада тәжірибесі мол.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.