«Қанжығалы Бөгенбай» атты тарихи роман жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қанжығалы Бөгенбай» атты тарихи роман жарық көрді

08.11.2018

Туындының авторы - керекулік жазушы Серік Елікбай. Бүкіл қазақтың басын біріктіріп, мемлекет тұтастығын биікке көтерген хан Абылайдың төңірегіне топтасқан батырлар Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай есімдері ерекше айтылады. Төл әдебиетіміздегі ақын-жыраулардың терең әрі тамсана жырлағаны да осы тұлғалар. Жаңа шығармада қазақтың тау тұлға ұлы жайлы бұрын-соңды айтылмаған тың деректер бар. Автор Бөгенбай Ақшаұлының батырлығынан бөлек, қырлары жайлы баяндайды. Оның рухани жан-дүниесі, бітімгерлік қасиеті, соғыстағы әдіс, айла қолдану шеберлігін нақты деректерге сүйене отырып көрсетеді. Ең бастысы, қолбасшылық бейнесіне айрықша маңыз берген.  

Серік Елікбай, кітап авторы:

- Бүкіл ғұмыры қазақтың тағдыры, тарихынан тыс емес. Демек, менің ұғымымда бөлек батыр емес, ұлттық, мемлекеттік батыр. Мүмкін мемлекетшіл батырлардың ішіндегі соңғысы да шығар. Соны қамтуға тырыстым. Сол кездегі қазақтың ішкі-сыртқы жағдайы, қазақтың ішкі жаулары, негізгі жаулары кім екендігін айтуға тырыстым. Ары қарай бағасын оқырман өзі береді.

 

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу