Қазақстанда мемлекеттік қызметтің 78%-ы электронды форматта көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің 78%-ы электронды форматта көрсетіледі

08.11.2018

2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу көзделген. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Азия және Тынық мұхит аймағының елдері үшін коррупцияға қарсы бастамалардың қоғамдық парасаттылық желісінің мемлекеттік сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған кезекті отырысында осылай деді. 20-дан астам мемлекеттен келген меймандарға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова шенеуніктермен тікелей байланысты болдырмау үшін мемлекеттік қызметтердің электронды түрде көрсетілуін құптады. Бұл осы саладағы тұрмыстық сипаттағы жемқорлық деңгейін үштен екіге төмендетуге мүмкіндік берді. «Мемлекеттік сатып алулар порталы» ашылып, оның аясында барлық мемлекеттік сатып алулар мен оның рәсімдері 100 пайыз электрондық форматқа көшірілген.

Олжас Бектенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

- Сатып алулардың 100 пайызы электронды түрде өткізіліп жатыр.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу