ШҚО-да мектеп асханасында жұмыс істеген ыдыс жуушы туберкулездің ашық түріне шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да мектеп асханасында жұмыс істеген ыдыс жуушы туберкулездің ашық түріне шалдыққан

08.11.2018

Шығыс Қазақстанда мектеп асханасында жұмыс істеген ыдыс жуушы туберкулездің ашық түріне шалдыққан. Өкпе дерті тіркелген Глубокое ауданына қарасты Бобровка ауылында алдымен ата-аналар дабыл қаққан. Өйткені, оқушылардың барлығына манту сынамасы жасалып, жаппай флюрографиядан өткізіле бастаған. Көп ұзамай күдік расталып, асхана жұмысшысының құрт ауруын жұқтырғаны белгілі болды. Ол осыдан ай бұрын Винный ауылындағы жедел жәрдем бөліміне қаралып, жөтеліп жүргенін және дене қызуының көтерілгенін айтып шағымданған. Дәрігер оған бронхиттің асқынған түрі деген диагноз қойып, антибиотиктер жазып берген. Қазір науқас туберкулезге қарсы облыстық диспансерде емделіп жатыр.

Хамит Елубаев, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

- Мектепті, жұмыс істеген асхананы тексерді. Қарым-қатынаста болған адамдардың барлығын тіркеді. 80 мұғалім, 283 оқушы және үйде 6 адам болған. Солардың барлығы тексерілді. Ересектер флюрографиядан өтті, оқушылар манту сынамасынан өтті.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу