Алматыда «Ортақ Ирак аспанының астында: қазақстандық және поляк бітімгершілері» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ортақ Ирак аспанының астында: қазақстандық және поляк бітімгершілері» атты көрме ашылды

09.11.2018

Шара «ҚазБат» қазақстандық батальонының бітімгершілік миссиясының аяқталуының 10 жылдығына арналды. Көрмеде алғаш рет 30-дан астам фотосуреттер ұсынылды. Ол суреттер екі ел сарбаздарының Иракта иін тіресе бейбітшілік үшін күресу жолындағы күнделікті жұмыс сәттерін қамтиды. Миссия барысында 22 поляк жауынгер мен қазақстандық офицер, капитан Қайрат Құдабаев қаза тапты. «Қайғылы оқиғалар мен сарбаздардың тағдырының ортақтығы Иракта бітімгершілік миссиясында жолдастарын еске алуда өшпейтін із қалдырды», - дейді ұйымдастырушылар.

Радослав Грук, Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулы:

- Мен үшін бұл шара өте маңызды. Өйткені, 11 қарашада Польша мемлекеті тәуелсіздік күнінің  100 жылдығын атайды. Сондықтан, осы көрме соңғы қазақстандық «ҚазБат» Ирактан кетуіне 10 жылдығына сәйкес келіп отыр.

 

Руслан ҚОСАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу