Олар - ІТ технология және роботты кескіндеу бөлмелері. Екі бөлме де демеушілер көмегімен жасақталған. Әзірге оқушыларға озық технология тек үйірме жұмысы аясында үйретіледі. Ал, келесі жылдан бастап информатика пәнінің оқу жоспарына енгізілмек. Жаңа технологияны оқыту үш сатыдан тұрады. 8-10 жас аралығында балалар бағдарлама жасап машықтанса, 10-12 жас аралығында роботтың кескіндемесін дайындап, 12-14 жас аралығында оны құрастыруды меңгереді. Әзірге үйірмеге 36 бала жазылды.
Батый Сералинов, оқушы:
- Маған әсіресе, 3D кескіндеу бөлмесі қатты ұнайды. Бұл бағдарлама біздің жасымызға лайық. Сондықтан, оны жылдам меңгеріп, өз бетімізше түрлі техинкаларды кескіндеуді үйреніп кетеміз деп ойлаймын.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.