Оралда мектеп мұғалімі туберкулезге шалдығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда мектеп мұғалімі туберкулезге шалдығып қалды

13.11.2018

№26 мектепте дене шынықтыру пәнінен беретін оқытушы айдың басында қатты сырқаттанып, оған пневмония диагнозы қойылған. Кейін құрт ауруына шалдыққаны анықталды. Мектеп мұғалімі оқу жылының басында медициналық бақылаудан өткен. Дені сау болған. Қазір мұғалім сабақ берген 183 баладан ата-аналар рұқсатымен манту сынамасы алынып жатыр. Әріптестері де дәрігерлер бақылауында.  

Ғибарат Орынғалиева, №26 мектеп директоры:

- Соңғы 3 жылда бірде-бір рет денсаулығына байланысты жұмыстан қалып көрген жоқ. Өзі спортшы. Бұлай болады деп ойлаған жоқпыз. Ол 6-7, 9-10-11-сыныптарға сабақ берді.

Айнагүл Сақпосынова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Қазір мұғалім ауруханаға жатқызылған және қажетті ем-домын алып жатыр. Ағымдағы жылдың тамыз айында науқас медициналық тексеруден және флюрографиядан өткен. Ол кезде ауырмаған.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу