Владимир Гутенёв, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты:
Көптеген ресейлік компаниялар, соның ішінде жоғары технология саласындағы кәсіпорындар да, Қазақстан нарығын зерттеп қана қоймай, сол жерде өздерінің кеңселерін белсенді түрде ашып жатыр. Себебі, қазақтың бизнес инфрақұрылымы, әкімшілік басқаруы бізге қарағанда жақсы екенін мойындау керек. Сондықтан, алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одақ аясында, бизнес ортаны жақсартуға бағытталған бәсекелестік басталады, деп ойлаймын.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ