Көкшетау қаласында жылу электр станциясы салынатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетау қаласында жылу электр станциясы салынатын болды

13.11.2018

Құрылыс жұмыстарын қазақстандық компания жүргізбек. Жауапты ұйым конкурс бойынша анықталған. Қазір келісімшарт әзірленуде. Ал, келер жылы жобалау жұмыстары қолға алынады. Инвесторлар электр станциясын 2024 жылға дейін салып бітіреміз деп отыр. Бастапқыда жылу электр станциясының құрылысын жүргізуге 4 компания қызығушылық білдірген. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске аспақ. Яғни, жылу станциясын салатын жер мемлекеттен бөлінеді, ал, қаражат толықтай инвестор есебінен. Жоба іске асып жатса, Көкшетау қаласын 180 мегаватт электр энергиясымен және 450 гигакалория жылу энергиясымен қамтуға мүмкіндік болады. 

Сермағамбет Құтышев, мердігер компания директорының орынбасары:

- Көкшетау қаласы жылу беруден көп уақыттан бері қиналып келген еді. Енді біз облыс орталығында ТЭЦ саламыз ба деп отырмыз. Қазіргі уақытта облыстық әкімдікпен шешімдер жасалуда. Келер жылы жобалау жұмыстарын жүргіземіз. Одан кейін құрылыс жұмыстары 4 жыл жүргізілетін болады.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу