Бұл туралы комуналдық мекемелердің өкілдері қатысқан қоғамдық қабылдауда белгілі болды. Азаматтардың өтінішін қараған жауаптылар, мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрылатынын жеткізді. Аймақ прокурорларының жүйелі тексерісінің нәтижесінде, электр энергиясының тарифі 5 теңге 31 тиыннан 4 теңге 51 тиынға төмендегенін айта кеткен жөн.
Болат Сүлеғалиев, Атырау облысы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы:
- Көп сұрақтар жылу, электр энергиясы бойынша түсіп жатыр. Шешілетін мәселелерге қатысты сол жерде комиссия құрылып, субьектілердің басшыларымен жауабын бердік. 20 қарашадан бастап Елбасының тапсырмасы бойынша біздің департамент энергосатудың тарифін төмендетіп жатыр.
Қарағандыда да тарифке қатысты қоғамдық қабылдау өтті. Келушілердің көбі осы күнге дейін жылу, су, тоқ есептегіш құралдарының орнатылмағанын, кейбір коммуналдық қызмет ақыларының заңсыз көтерілгенін қынжыла жеткізді. Ал, департамент басшысы барлық мәселелерді мүмкіндігінше шешуге уәде берді. Қоғамдық қабылдау енді апта сайын өтіп тұрмақ. Жалпы, Қарағанды облысында 2015 жылдан бері жылу мен судың тарифі өзгермеген. Монополистермен арада бес жылдық келісім бар екен. Ал, басқа коммуналдық қызмет ақылары жыл сайын өзгеріп отырады.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.