Астанада өрт жиілеп кетті. Өткен 10 айдың өзінде бес жүзден астам өрт тіркеліп, салдарынан 9 адам көз жұмса, 40 адам жарақат алған. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлімдеді. Айтуларынша, астаналықтар тілсіз жаумен аязды күндері көптеп алысатын көрінеді. Оған тұрғындардың ақауы бар пештерді жиі пайдаланып, от жағу кезінде қарапайым ережелерді сақтамауы себеп. Мамандар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен нәтиже шамалы.
Аягөз Фазылова, Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі:
- Күн суыта бастасымен бізде тұрғын үй секторларында өрттің ұлғаю жағдайлары көбеюде. Оның айғағы, кешегі бір күнде тіркелген 8 өрт. Бір күнде 8 өрт Астана қаласы бойынша өте көп. Оның төртеуі жер үйлерде болған. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, аязды күндер, циклон келе жатыр. Сондықтан, тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаса екен дейміз.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.