Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы, профессор:
Бәрібір ертең Дүниежүзілік сауда ұйымына кіреміз. Басқа елдерден келеді, келіп те жатыр қазір. Сондықтан одаққа кіру - бізге үлкен мүмкіндік тудырып отыр. Біз халықаралық деңгейде жұмыс істеуге дайын болуымыз, үйренуіміз керек. Бұл - үлкен мектеп.
Асылы Осман, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы:
Қазақ айтқан: «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас»,-дейді. Негізінен, көрші тұрғаннан кейін ымыраластықта, бірлікте, ынтымақта, түсіністікте болғаны жақсы. Әрбір мемлекет өз мүддесін бірінші орынға қояды. Қазақстан да өзінің мүддесін бірінші орынға қояры хақ.