Қазақстанда кәсіпкерлікті заңсыз тексеру айтарлықтай азайды. Бұл туралы бизнесті қорғау жөніндені ІІІ форумда еліміздің Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәлімдеді. Бүгінде Бас прокуратура «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, екі жол картасын іске асырып отыр. Қос тарап осы уақытқа дейін 200-ге жуық шара өткізген. Мәселен, осыдан үш жыл бұрын кәсіпкерлік айналасында 9 мыңға жуық қылмыстық іс болса, биыл бұл көрсеткіш 1 700-ге дейін төмендеген. Жылына кәсіпкерлік маңайындағы салықтық тексерістерге қатысты 8 пайыз шағым түседі екен. Ал, жер мәселелеріне қатысты сұрақтар 13 пайыз көлемінде, кәсіпкерлер арасындағы өзара дау 22 пайызға жетіп отыр. «Бұл ретте, бизнесмендерді тексеруді азайтып, оларға қатысты әкімшілік қысымды азайту маңызы», - дейді мамандар.
Сапарбек Нұрпейісов, ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы:
- Кәсіпкерлерге қойылатын 31 мың талаптың 13 мың талапқа дейін төмендетілуіне қол жеткіздік. Осының салдарынан 3 жылдың ішінде заңсыз тексеруді 40 пайызға дейін төмендеттік. Қойылатын талаптарды және басқа да құқықтарға зиян келтіру 25 пайызға азайды. Бұл кәсіпкерлердің бизнесін әрі қарай дамытуға әсерін тигіеді деуге болады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.