Бір апта бұрын жоғалып кеткен 54 жастағы ақтөбелік әлі табылған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір апта бұрын жоғалып кеткен 54 жастағы ақтөбелік әлі табылған жоқ

16.11.2018

Оның туыстары ел-жұрттан көмек сұрап отыр. Қандай да бір ақпарат берген адамға сүйіншіге  миллион теңге беруге де дайын.

Естеріңізге салсақ, құс өсірумен айналысатын Кенжебай Алдашев Ақтөбеден 20 шақырымдай жерде орналасқан елді мекеннен шығып кетіп, жолда адасып кеткен. Соңғы рет туыстарының біріне қоңырау шалып, көмек сұраған. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен еріктілер тобы іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Дегенмен, әзірге нәтижесіз.

Ғалия Алдашева, зайыбы:

- Жетінші күн таба алмай жатырмыз. Мені құтқарыңдаршы, аяғым тоңып тұр. Талдан қармап ұстап тұрмын, шыға алмай тұрмын деген.

 

Жақсылық КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу