Банк пен несие алушылар арасындағы дау жыл санап өсіп келеді. Қазіргі таңда сотта қаралатын азаматтық істердің 42 пайызы банк дауларына қатысты. Бүгін Жоғарғы сот жанындағы халықаралық кеңес кезінде Жақып Асанов осылай деді. Сан саланың мамандары елдегі қалыптасқан жүйенің көлеңкелі тұстары жайлы ой бөлісті. Сарапшылардың пікірінше, банктің шарттары айқын емес. Жасырын пайыздық мөлшерлеме, қосарланған сыйақы секілді жасырын шарттарды қарапайым тұтынушы тұрмақ, заңгерлердің өзі байқамай қалады. Осы және басқа да теңсіздіктерді зерделеген кеңес мүшелері банк ұсынатын келісімшарттың жалпыға ортақ нұсқасын әзірлеуді ұсынды. Ол жерде банктің проценттері мен несиенің толық көлемі тайға таңба басқандай жазылуы тиіс. Әрі мазмұны қысқа-нұсқа болуы шарт.
Төлеш Қаудыров, ҚР Жоғарғы сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры:
- Тұтынушыға жауапкершілікпен қарау керек. Әңгімелері қысқа. Міне, осыншама сомма аласың, негізгі қарызың осы, проценті осы, төлемесең тағы өседі дейді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.