Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып табыс таба алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып табыс таба алады

19.11.2018

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүмкіндігі шектеулі жандарға цифрлық құралдарды үйретеді. Осылайша оларды жаңа кәсіпке баулып, жұмыспен қамтуды көздейді. Бұл туралы Астана хаб алаңында өткен «Digital Arena» форумында айтылды. Бүгінде елімізде 620 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың көпшілігі ерекше күтімді қажет етеді. Дегенмен, еңбек етіп, табыс табуға ниетті. Ал, цифрлық технологиялардың дамуымен қазіргі таңда көптеген жаңа мамандықтар пайда болуда. СММ, бағдарламашы, копирайтер секілді кәсіптер еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Мүмкіндігі шектеулі жандар осы мамандықтарды игеріп, үйден шықпай-ақ, интернет арқылы жұмыс істеуіне толық мүмкіндік бар. Алдағы уақытта бұл жобамен 1500-ге жуық азамат оқудан өтеді, деп жоспарланып отыр.

Алмаз Ержан, «Еламан» әлеуметтік инновациялық жобалар қорының төрағасы:

- Таңнан кешке дейін жұмыста емес, үйде отырып интернетпен жұмыс істейтін мүмкіндік болу керек. Әрбір мүмкіндігі шектеулі жандарға. Себебі, елімізде үйде отырған мүмкіндігі шектеулі жандар көп. Далаға да шыға алмайды. Пандустары жоқ. 

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу