ТЖД мамандары балық аулау кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТЖД мамандары балық аулау кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді

19.11.2018

Қармақ салып, балық аулауға әлі ерте. Әзірге, өзен-көлдердегі мұздың қалыңдығы 8 см ғана. Қазірдің өзінде ескертуді елемеген екі адам ажал құшқан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлімдеді. Айтуларынша, мұздың қалыңдығы 10 см-ден кем болмауы керек. Оның өзінде, әр балықшыда құтқару жилеті болғаны жөн. Сақтық шараларын жүргізіп жатқан астаналық құтқарушылар, әсіресе, Есілдің жағасында орналасқан мектеп пен балабақшадағы бүлдіршіндерге мұқият болуды ескертеді. 

Эльдор Райымбеков, Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы:

- ШҚО және Ақмола облысында екі адам өлімі тіркелді. Екеуі де балық аулап жүрген азаматтар. Бұлар құтқару жилетін өздерімен бірге алмаған. Сондықтан, қыстық балық аулау кезінде ережені қатаң сақтауды және жилеттерді міндетті түрде алып жүруді сұраймыз.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу