Қазақстанның өнеркәсіп саласы цифрландырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның өнеркәсіп саласы цифрландырылады

20.11.2018

Қазақстанда жеті қат жердің астынан мұнай шығару жұмыстары жеңілдейді. Келер жылдан бастап жаңа кен орындарын іздеу, табу, барлау, игеру, бұрғылау жұмыстарының дені цифрландырылмақ. Америкалық «Honeywell» корпорациясы өнеркәсіп секторындағы кәсіпорындарды цифрландыру бойынша келісімге қол қойды. Осының аясында қолданыстағы технологиядан тыс тың әдістер де енгізілмек. «Нәтижесінде, шығын азаяды, қызметкерлердің қауіпсіздігі артады», - дейді мамандар. Сонымен қатар, алып корпорация бірқатар саланы цифрландыруға күш қоспақ. Осы мақсатта Астанада жаңа филиалы ашылды.  

Алексей Зенкевич, «Honeywell» корпорациясының өнеркәсіптік автоматтандыру департаментінің жетекшісі:

- Металлургиялық секторда жұмысымызды одан ары кеңейтетін боламыз. Цифрландырудың арқасында мұнайды шығару шығыны анағұрлым азаяды. Қазір осыған қатысты бірқатар келіссөздер жүріп жатыр.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу