Сауат Мыңбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қаржы министрінің орынбасары, Қаржы министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және сауда министрі, Энергетика және минералды ресурстар министрі, Мұнай және газ министрі, 2013 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының» Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамының жаңа басқарма төрағасы ретінде Алик Айдарбаевты таныстырды. Ол түрлі жылдары «ОңтүстікҚазМұнайгаз», «МаңғыстауМұнайГаз», «Торғай Петролиум», «ҚазМұнайГаз» АҚ компанияларында басқарушылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының әкімі, Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары, осы жылдың қаңтар айынан бастап «Самұрық-Қазына Ұлттық» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары болды.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.