2019 жылы азаматтардың зейнетақы жинағы жеке компаниялардың басқаруына беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2019 жылы азаматтардың зейнетақы жинағы жеке компаниялардың басқаруына беріледі

21.11.2018

Мұндай жобаны Ұлттық банктің өкілдері әзірлеп жатыр. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Алматыда өткен ашық есік күнінде айтылды.

Мамандар салымшылардың есепшотындағы қаражатқа қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді. Айта кетейік, шараға қатысқан 500-ден аса тұрғын зейнетақы жинақтарына қатысты мәліметпен танысты. Олардың арасында мектеп оқушылары мен студенттер де бар. Қазір қала бойынша 1 миллион 800 мың есепшот болса, ондағы қаржының көлемі 1 триллион 800 миллиард теңгеден асады. Зейнетақы қоры жүйесіне енгізілетін жаңашылдықтың бірі - салымшыға өз жинағын басқаратын компанияны таңдау құқығы беріледі. Яғни, зейнетақы қорына ай сайын 10 пайыз мөлшерінде міндетті жарна аударатын азаматтар зейнетақы активтерін инвестициялаумен айналысатын компаниямен табысты теңдей бөліседі.

Нұрлан Әміренов, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Алматы қаласы филиалының директоры:

-Бұл бастаманың негізі Ұлттық банктің құзіретінде қазір болып жатыр. Осы жылдың аяғында Ұлттық банк жобаны ұсыну керек. Шамамен айтқанда, келесі жылы І жартыжылдықта біз сол жобаның негізін көре жатармыз. Әр салымшы өзінің құқығы бойынша, өзінің ықтияры бойынша таңдай алады.

 

Әсем ҚАБЫЛБЕК

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу