Елорданың Есіл ауданындағы Бірыңғай қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың Есіл ауданындағы Бірыңғай қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады

21.11.2018

Астананың Есіл ауданынан түрлі дау-дамайды шешетін Бірыңғай қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Бұл жерде медиациялық көмек көрсетіледі.

Мамандар жанжалдасып қалған тараптардың бейбіт бітімге келуі үшін қолдан келгендерін аямақ емес. Кәсіби медиаторлар еңбек, отбасылық, қаржылық, мүліктік, басқа да тартыстарды сотқа жібермей, сол жерде мәселені шешуге атсалысады. Бұл - мемлекеттік мекемелердің жүктемелерін азайтуға сеп болып отыр.

Себебі, елімізде медиация қызметі пайда болмай тұрған кезде соттарға келетін майда-шүйде болмашы істер көбейіп кеткен. Қазір медиацияны дамыту орталығы қоғамдық бірлестігінің әр аймақта 15 өкілдігі бар. Бірлестік құрылған төрт жылдың ішінде 40 мыңдай дау сотқа жетпей, осы жерде шешілген. Яғни, медиация - бейбіт бітімге келудің ең тиімді жолы ретінде қарқынды дамып келеді. 

Қайрат Түлекеев, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ құрылтайшысы:

-Мысалы, мемлекеттік баж төленеді. Талап жазу керек. Арыз жазғанда заң бойынша екі айдай қарастырады. Адвокат керек. Оған төлеу керек. Ал, мында олар келеді де, 20-10 минуттың, 1 сағаттың ішінде шешімге келеді. Қалай шешеді, сол заң болады.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу