Алматыда XI Медиа құрылтай өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда XI Медиа құрылтай өтті

22.11.2018

Цифрлық технология дамыған заманда бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қаншалықты қабілетті? Алматыда өткен XI Медиа құрылтайда сала мамандары осы сұраққа жауап іздеді.

Биылғы мәслихат «Цифрлық дәуірдегі бұқаралық медиа: өлше де, үстем бол» тақырыбына арналды. Себебі, соңғы жылдары жұрт ақпаратты жаппай ғаламторға кіріп, оқиды. Сондықтан, мұндай құбылыс медианың стратегиялық жоспарына өзгеріс енгізуді талап етеді. Мәселен, қазір көрермендердің 60 пайызы теледидар қараса, өскелең ұрпақ іздегенін интернеттен табады. 

Бекзат Рахымов, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің департамент директоры:

- Құрылтайда әріптестеріміз мемлекеттік тапсырыс мәселесін сөз етті. Бірінші кезекте оған бөлінген қаражат қазақтілді контентті дамытуға жұмсалады. Сериалдар мен ақпараттық жаңа өнімдерді әзірлеуге ерекше ден қойылады. Бұдан өзге, талқыға түскен мәселенің бірі дәстүрлі емес бұқаралық ақпарат құралдарымен бәсекеге түсуі. Нарықтың талабына бейімделіп, пайда табу жолдары көбейді.

 

Әсем ҚАБЫЛБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу