Кейбір сенсациялық тақырыптар әлеуметтік желіде дүрбелең туғызады - Балғабек Мырзаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кейбір сенсациялық тақырыптар әлеуметтік желіде дүрбелең туғызады - Балғабек Мырзаев

22.11.2018

Журналистерге діни экстримизм мен радикализмге қатысты ақпараттарды тарату ерекшеліктерін түсіндірген семинар өтті. БАҚ-та жарияланған материалдар халыққа тек экстремизм мен терроризм жайлы жеткізіп қоймай, оның алдын алу бағытын қамтуы тиіс. Себебі, ақпарат құралдары қоғамдық сананы қалыптастыратын басты тетіктердің бірі саналады. Сондай-ақ, шетелдік тәжірибелерді, заманауи тәсілдерді де күнделікті тәжірибеге енгізу маңызды. Семинар барысында орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара байланыс жасау мәселелері де талқыланды.

Балғабек Мырзаев, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті төрағасының орынбасары:

Шынында да, кей жағдайда сенсация деп бір тақырыпты басқа бағытқа бұрған кезде, әлеутеттік желіде халықтың дүрлігіп кететін кездері болады. Тақырыпты тереңірек зерттеп барып жеткізсек, ұтымды жол болар еді деп санаймын.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу