Қорғаныс министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті

23.11.2018

Министр Нұрлан Ермекбаев әскерилерді оқытудың келер жылғы жоспарын бекітті, 2019 оқу жылына арналған әскерлерді даярлаудың негізгі бағыттарын айқындады. Жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі, диверсияға қарсы қауіпсіздік пен материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сондай-ақ, жиналғандар Қарулы Күштер арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес, әскери тәртіпті қамтамасыз ету мен әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысты қорытындылады. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, жыл соңында сала үздіктері анықталды.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу