Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты фронт офис ашылды. Орталықта студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерімен танысады. Яғни, жоба жастарды жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтардан бойын аулақ ұстауға, қоғамдағы келеңсіз жайттарға қарсы тұрарлық иммунитет қалыптастыруға шақырады. Сессия кезінде парақорлыққа жол бермеуге үндейді. Мемлекеттік қызмет істері департаменті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті арасында әріптестік меморандумына қол қойылды. Алдағы уақытта «Адал дүкен» жобасы да жүзеге асырылады.
Абзал Мұхимов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысы:
- 3 жоғарғы оқу орны, 27 арнаулы техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарынан ашылып отыр. Жалпы, «Саналы ұрпақ» клубының мүшелігіне 9 мыңнан астам студент қабылданды. Осы офистердің жанынан электронды қызмет көрсетудің жаңа киоскілері ашылып жатыр. Яғни, осы оқу орындарында студенттерге өзін-өзі қызмет көрсету орталықтары да ашылып жатыр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.