Энергетика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Сұңғат Есімханов келді. Үкімет қаулысымен Есімханов Сұңғат Қуатұлы Анатолий Шкарупаның орнына келіп отыр. Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1996 жылы «Аллюминий Қазақстан» АҚ-ң гидрометаллургиялық цехында инженер ретінде бастап, кейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Сондай-ақ, Павлодар облысы Энергетика және коммуналдық басқармасын және «Қазақэнергоэкспертиза» АҚ басқарды. Ал, осы күнге дейін Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы болған.
Айта кетейік, Энергетика министрінің бір жылда екі бірдей орынбасары «жемқорлыққа қатысы бар» деген күдікпен ұсталған еді.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.