Батыс Қазақстанда тамақ өнімдерінен қауіпті микроб табылды. Нақтырақ айтқанда, сауда орнындағы тартылған еттен ішек таяқшалары анықталған. Әрі «сиыр етінен жасалды» деп көрсетілген өнімге шошқа еті араластырылған боп шықты. Сондай-ақ, Алматы және Ақмола облыстарынан әкелінген құс өнімдерінен сальмонеллез анықталды. Ал, Теректі ауданы мен Ақсай қаласындағы дүкендерде мерзімі өтіп кеткен тағам түрлері сатылған. Жалпы, 9 айда тексерілген 500 өнімнің 70-і санитарлық талапқа сай келмеген. Кәсіпкерлерге қатысты 19 әкімшілік іс қозғалып, 700 мың теңге айыппұл салынды.
Гүлбақыт Наурызалина, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:
- Жергілікті «Колесников» жеке кәсіпкерлігінің тартылған етінен ішек тобы таяқшасының бактериясы анықталды. Сонымен қатар, тұтынушыларды алдау фактісі анықталды. Ақтөбе облысында «Лидер» супкермаркетіндегі құс өнімінің микробиологиялық көрсеткіші бойынша тасымалдаушы біздің Орал қаласынан екені анықталды.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.