«Арыңды таза ұста». «Нұр Отан» партиясы дәл осындай атауды арқау еткен әлеуметтік бейнероликтер байқауының қорытындысын жария етті. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 20-дан астам туынды келіп түскен. Мәжіліс депутаттары, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен журналистерден құралған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. «Байқаудың мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріп жатқан мемлекеттік саясатты насихаттау», - дейді партиялықтар. «Жемқорлықты жеңу үшін елімізде сан қилы тәсіл қолданылып жатыр. Ендігі орайда, бейнебаяндар арқылы елдің назарын жемқорлық секілді мәселеге аударғымыз келеді»,-дейді ұйымдастырушылар.
Оралбай Әбдікәрімов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы:
- Жемқорлық мәселесі - өзекті мәселе. Халықты, жастарды тәрбиелеу керек.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.