Ажырасу азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ажырасу азаймай тұр

29.11.2018

Биыл 10 айда сот арқылы 2837 отбасы ажырасып кеткен. Бұл - былтырғымен салыстырғанда біршама көп. Бұл туралы Астана қалалық сотында өткен отбасылық даулар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты жиында айтылды.  Талдау көрсеткендей, ажырасулардың 42 пайызы отбасындағы физикалық және психологиялық қысымдарға байланысты.  Жиынға қатысқан мамандар бұл мәселе белең алып бара жатқанын айтып, дабыл қақты. Олар мүдделі органдардың жұмысын жандандыру керек, деген ортақ шешімге келді.

Айта кету керек, ажырасулар санының артып бара жатқанын кеше өткен Азаматтық форумда Президент Нұрсұлтан Назарбаев та айтты. Мәселені шешу үшін нақты тапсырмалар да жүктеді. 

Жанар Алпысбаева,  Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы:

- Жоғарғы Соттың бастамасымен 2018 жылы «Отбасылық сот» пилоттық жобасы іске асырылып отыр. Оның негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандар құқығын қорғау, азаматтарды зорлық-зомбылықтан сақтау.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу