«Жаңа технологиялар және мемлекеттік басқару». Осындай тақырыпта Мемлекеттік басқару академиясында халықаралық конференция өтті. Жер-жиһаннан жиналған аузы дуалы сарапшылар: «мемлекеттің болашағы – мемлекетті басқаруды жаңа технологиялармен ұштастыра білуде», деген пайымдарын ортаға салды. АҚШ, Ұлыбритания сияқты дамыған елдерден келген майталман мемлекеттік қызметшілер өз еліндегі мемлекетті басқарудың озық тәжірибелерімен бөлісті.
Бұдан бөлек, мемлекеттік менеджменттің теоретикалық аспектісі, мемлекеттік қызмет саласын толығымен цифрландыру сияқты өзекті мәселелер де ғылыми-зерттеу конференциясының өзегі болды.
Нельсон Даниель, сарапшы:
- Мен АҚШ-тан келдім. Өз қаламдағы тәжірибеге тоқталсам, бізде қала бюджетін бекіту, оның жүзеге асу барысы толығымен электронды форматта жүзеге асады. Яғни, қаланың әр тұрғыны бюджеттің қайда бағытталып, қалай игеріліп жатқанынан хабардар болып отырады.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.