Таяу 5 жылда қазақстандықтар табиғи таза өнімдерді тұтынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таяу 5 жылда қазақстандықтар табиғи таза өнімдерді тұтынады

29.11.2018

Бүгін Астанада «Қазақ органикалық өнімдер: жаңа мүмкіндіктер, жаңа нарықтар» атты халықаралық жиында бас қосқан сарапшылар осындай пайым жасады. Соңғы кезде табиғи таза тамақ табу жер-жиһанның маңызды мәселесіне айналғаны рас. Таза тамақ жеп-ішпеген адамның ойы да, бойы да таза болмайтынын ғалымдар тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Осы ретте ғаламның 12 елінен келген тіс қаққан маман, органикалық өнімді көбейтудің тетіктерін қарастырып, өз тәжірибелерін ортаға салды. Қазақстанның діттегені – құнарлы ауыл тамағын сертификаттап,  сыртқы нарыққа шығару.  

Отанғазы Байділдаев, агроном:

- Таза өнім деген далада жайылып жүрген малдың еті, есік алдындағы бау-бақшаның өнімі, еш химиясыз өндіру керекпіз. Бұл біздің ағзамызға өте пайдалы. Біздің болашағымыз осында тұр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу