Ғылымдағы жаңалықтар елдің алдыңғы қатарға шығуы үшін қызмет етуі керек – Е.Омаров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылымдағы жаңалықтар елдің алдыңғы қатарға шығуы үшін қызмет етуі керек – Е.Омаров

30.11.2018

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы халықтың құқықтық мәдениетімен тығыз байланысты. Ал, заңнамалық үдеріс бір орында тұрмай, дами бермек. Себебі, азаматтардың қоғамдағы орнын айқындайтын негізгі әрі басты құжат уақыт талабына сәйкес өзгеріске ұшырайды. Алматыда өткен «Қоғамдық сананы жаңғырту аясындағы құқықтық ғылым мен білімнің қазіргі заманғы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда осы мәселелер көтерілді. Шараға сот өкілдері, медиаторлар мен жеке сот орындаушылары қатысып, ой бөлісті. Ал, болашақ заңгерлер, секциялық отырыстарда конституциялық және азаматтық құқықтарға қатысты заң жобалары мен оның орындалу барысын талқылады.

Еренғайып Омаров, «Қайнар» академиясының ректоры:

- Соңғы кездері бірқатар заңдар қалыптасып білімге, ғылымға көп көңіл бөлініп жатыр. Соның ішінде жоғарғы білім саласындағы ғылыми жаңалықтар қазақ мемлекетінің алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына шығуы үшін қызмет етуі керек. Заң ғылымының негізі университетте қаланады.

Әсем ҚАБЫЛБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу