«Кітапханашы – ХХІ ғасыр мамандығы». Таразда осындай тақырыппен аймақтық кітапханашылар байқауы өтті. Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен сайысқа 9 үміткер қатысып, біліктілігін сынға салды. Мамандығын мәртебе санайтын қызметкерлер интеллектуалды ой-өріс пен мақал-мәтел жарысынан, аспаздық өнерден де кенде емес екендіктерін дәлелдеді. Сондай-ақ, аудандардағы кітапханалардың ақпараттық ресурстары мен «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» тақырыбында жасалған бейнероликтері сарапталды.
Бақыткүл Қанаева, кітапханашы:
- Облыстық Мәдениет және құжаттама басқармасы мен Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап кітапхананың ұйымдастырып жатқан «Жыл маманы» облыстық байқауы бізге үлкен шабыт береді. Байқау жас мамандардың біліктілігін, олардың шеберліктерін анықтау мақсатында өткізіліп отыр. Бұл жас мамандарға үлкен тәжірибе.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.