Қазақстандықтардың құқықтық сауаты төмен және заң жобаларын талқылауға белсенді қатыспайды. Бұл туралы бүгін Әділет министрлігі ұйымдастырған шарада айтылды. Қазір кез келген құқықтық құжат көпшлік талқылауына шығарылады. Ол үшін ашық үкімет порталы мен құжатты әзірлеуші органдардың сайттары да жұмыс істейді. Алайда, белсенділік төмен. Сондықтан да, Әділет министрлігі «е-заңнама» атты жаңа жобаны іске қоспақ. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылатын жоба мақсаты әлеуметтік желілер мен қоғамдағы заңдарға қатысты ақпараттар мен пікірлерді жинап, қажетінше сараптап отыру.
Нұрғазы Әнуарбеков, ҚР Әділет министрлігінің сарапшысы:
- Азаматтар тек әлеуметтік желіде белсенді. Сол әлеуметтік желіде заң жобаларына қатысты немесе қоғамдық бір проблемаға қатысты айтылған пікірлері немесе мемлекеттік органдардың сайттарына немесе ашық үкіметтің порталына қалдырған пікірлері бір жерге жинақталып, сарапталып, сол бойынша нақты қорытынды шығаратын ақпараттық жүйе болып табылады. Ол 2019 жылы пилотты түрде басталады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.