«Нұр Отан» партиясының қатары толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясының қатары толықты

30.11.2018

Тұңғыш Президент күніне орай «Нұр Отан» партиясының қатары толықты. Еліміздің түкпір-түкпірінде 2 мыңнан аса қазақстандық партиялық билеттерін алды. Елордада партия хатшысы Тамара Дүйсенова өз саласында биік белестерді бағындырған 20 қазақстандыққа партиялық билеттерін табыстады. Олар білім, мәдениет, спорт, кәсіпкерлік сияқты салалардың өкілдері. Тамара Дүйсенова жаңа мүшелерге зор жауапкершілік жүктелетінін айтты. Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын жүзеге асыру міндеті тұр деді. Жалпы, «Нұр Отан» партиясы 20 жылдығын Қазақстанның гүлденуі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты істермен атап өтуі керек екенін тілге тиек етті.

Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

- Қазақстан 27 жылдың ішінде қуатты экономикасы бар үлкен мемлекетке айналды. Сондықтан, қазақстандықтардың 1 желтоқсанды Елбасы күні деп мерекелеуі мемлекет басшысына деген үлкен ықылас. 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу