ШҚО-да аң стилінде жасалған жәдігерлер көптеп кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да аң стилінде жасалған жәдігерлер көптеп кездеседі

30.11.2018

Шығыс Қазақстандағы Берел мен Шілікті қорғандарынан «Алтын адамдармен» бірге табылған дүниелердің бәрі де аң стилінде. Бұл сақ дәуіріндегі өркениеттің жоғары деңгейде болғанын дәлелдейді. Президент «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында құнды жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік беретінін айтқан. Жалпы, Шығыс Қазақстан өңірінде аң стилінде жасалған әшекейлер көп кездеседі. Яғни, ежелгі тұрғындар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, құйма құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген. Өңірдегі тарихшылар осы аң стилінде жасалған жәдігерлерді әлі де зерттеп, зерделеп, мол рухани қазынамызға айналдыруды мақсат етіп отыр.

Елдос Қариев, «Алтайтану» орталығының жетекші ғылыми қызметкері:

- Зергерлер оны қалпына келтіру өте қиын дейді. Университеттің қазбасы барысында табылған заттарды біз ғылыми айналымға түсіреміз. Жалпыға ортақ қыламыз.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу