«Елбасы және Астана». Осындай тақырыппен бүгін елордада Тұңғыш Президент күніне арналған фотокөрме өтті. Онда Астананың қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі көрсетіліп, баяндалған. 100-ден астам фотоматериал 20 жылда ішінде болған маңызды оқиғалардан сыр шертеді. Мұрағат – өткен тарихтың айнасы. Айшықты жылдардың жылнамасы іспетті фотобейнелерді тамашалауға халықтың да ықыласы жоғары. Ал, жалпы, алдағы уақытта мұрағаттағы суреттердің барлығы электронды нұсқаға көшіріледі. Цифрландыру жұмыстары басталды. Нәтижесінде 55 млн-ға жуық түрлі құжатты интернет арқылы көруге қол жетпек.
Сәкен Есіркеп, Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив істері басқарма басшысының орынбасары:
- 2-3 жыл көлемінде бүкіл құжаттарды электронды форматқа көшіріп бітеміз деген ой бар. Одан кейін бұл құжаттар мәңгілік сақталады. Интернет арқылы көпшіліктің назарына ұсынамыз.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.