Оралда 120 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда 120 отбасы баспаналы болды

03.12.2018

Оралда жылдар бойы кезекте тұрған және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» салым салып, қаржы жинаған 120 отбасы қоныс тойын тойлады. 9 қабатты жаңа үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынды. Қаладағы көпқабатты үйлермен қатар, ауылды жерлерде 104 үйдің құрылысы басталған. Жыл соңына дейін 3,5 мың отбасы жаңа қонысқа көшеді. Бұдан бөлек, Оралдың іргесінде «Ақжайық» шағын ауданы бой көтеріп келеді. Мұнда 150 тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Дина Ғабдолова, қала тұрғыны:

- 8 жыл күттік. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 бөлмелі пәтерге ие болып жатырмыз. Қуаныштымыз. Осындай қуаныштар көп болсын.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу