ШҚО-да «Жомарт жүрек» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да «Жомарт жүрек» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды

05.12.2018

Туған өлкесі мен ауылына қол ұшын беріп жүрген қайырымды азаматтар құрметке бөленді. Өңірдегі әлеуметтік жағдайды шешуге белсене атсалысқан кәсіпкерлер 5 аталым бойынша марапатталды. Ауылда медициналық бекет, спорт кешенін салып, мектеп сыныптарын заманауи құралдармен жабдықтауға көмектескен жеке азаматтармен қоса, ірі кәсіпорындар да назардан тыс қалған жоқ. 

Жанат Әзімбаев, конкурс жеңімпазы:

- Арка жасадық, ауылдың атын көрсету керек. Балалар ойнайтын алаң жасап бердім. Үлкен мұз айдынын салдық. Ауыл ауызсуды өзеннен алады. Соны ашып, жауып, бүкіл ауылды ауызсумен қамтамасыз етіп отырмын.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу