Мереке күндері теміржол билеттерінің бағасы неге қымбаттайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мереке күндері теміржол билеттерінің бағасы неге қымбаттайды?

06.12.2018

Еліміздегі жолаушылар тасымалдайтын вагондардың 45 пайызы ескірген. Соған қарамастан мереке күндері жақындаған сайын әдеттегідей билеттер құны аспандап кетеді. Көлік комитетіндегілер «оны бақылап, бағасын реттеуге құзыретіміз жетпейді»,- дейді. Өйткені, жолақы құны қатты көтерілетін бағыттарда «Тұлпар-Тальго» пойыздары жүреді. Ал, оларға мемлекет тарапынан субсидия берілмейді. Жекеменшік коммерциялық ұйымдардың баға саясатына комитет араласа алмайды. Ол үшін тиісті заңнамаға өзгерістер енгізу қажет екен. Сол себепті, коммерциялық бағыттардың иелері ойына келген бағасын қоя алады.

Ал, мемлекеттен қаржылай қолдау алатын әлеуметтік маңызды 56 бағыт бар. Мейрам күндері олармен де жүру әдеттегіден қымбаттау болады. Сапар күні жақындаған сайын билет бағасы шамамен 25 пайызға көтеріледі екен. 

Әсет Асаубаев, ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы:

- Жеке пойыздар мемлекет бюджетінен қаржыландырылмайды. Стандарттық пойыздарға балама ретінде ұлттық тасымалдаушының шешімі бойынша іске қосылған пойыздар. Шығындарын өтеу үшін тасымалдаушы баға саясатын өздігінен шешеді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу