Қазақтілді сайттардың көпшілігі оқырманымен жұмыс істемейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтілді сайттардың көпшілігі оқырманымен жұмыс істемейді

06.12.2018

Балаға 3 жасқа дейін теледидар көруге болмайды. Ол көзіне кері әсер етіп қана қоймай, психикалық ауытқуларға алып келуі мүмкін. Бұл туралы қазақтілді контент жасаушылардың ІІІ форумында айтылды. Бұдан бөлек, форум қатысушылары қазақтілді ақпарат құралдарының контент қалыптастырудағы кемшін тұстарына тоқталды.

 

Қазақ форум – ашық пікірлер алаңы. Басты міндет - қазақтілді сапалы контентті көбейту. Ол үшін еліміздегі ақпарат құралдары ең алдымен «мемлекеттік тапсырыспен күн көрем» деген түсініктен түбегейлі арылуы керек. Сондай-ақ, науқандық үгіт-насихатты берудің формасын өзгерту қажет. «Осыны ескермесек, бар аудиториядан айsрылып қалуымыз мүмкін» - дейді сарапшылар.

 

Айдос Сарым, сарапшы:

Біз орысша жасадық, өздерің оқып алыңдар немесе қазақша баспасөз хабарламасын жасадық, өздерің аударып алыңдар деген психологиядан да арылу керек. Олай болатын болса, онда сөзсіз түсініспеушілікке, коммуникациялық проблемаларға, артынан шын мәнінде саяси-әлеуметтік проблемаларға айналып кетуі мүмкін.

 

Мән беретін тағы бір мәселе. Біздегі сайттардың көпшілігі оқырманымен жұмыс істемейді. Әр тұтынушыға жеке зерттеу жүргізу жоқтың қасы. Осылайша, сапалы контент қалыптастырудың алғашқы қадамдары орындалмай отыр.

 

Сергей Ахметов,  Bigdata және сарапшылар қауымдастығының президенті:

Google Analytics деген құрал бар. Ол сайтқа тегін қойылатын нәрсе. Сайтқа кірген адам туралы толық мағлұматты тегін береді. Бірінші содан бастау керек. Екінші құрал Google Tag Manager. Бұл сайтқа датчик сияқты қойылады. Мысалы, оқырман бір беттен келесі бетке өте ме, өтпей ме, жоқ әлде,  сіздің сайтыңызға кіріп адасып кете ме деген сияқты. Жалпы, алдымен осы екі мәселені жасау керек.

 

Мәселе көп. Форумның қорытындысы бойынша, ең негізгілері хатталып, жауапты органға ұсынылады. Өзекті дегендері шешім қабылдау барысында ескерілетін болады.

 

 

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу