Экстремизм және терроризм тақырыбына қалам тербейтін журналистерді арнайы даярлау керек. Бүгін Қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған семинар-тренингте осы мәселе кеңінен талқыға түсті. Себебі, бүгінде дін әбден саясиланған. Неше түрлі ағымдар мен қозғалыстар көп. Қайсысы – ақ, қайсысы – қара екенін ажырату қиын. Өзің адасқаныңмен тұрмай, жұртты шатастыру оп-оңай. Бір күндік семинар барысында елдегі исламдық діни ағымдардың халық арасындағы белсенділігі туралы сөз болды. Әрі террористтік шабуыл бола қалған жағдайда, журналистің дұрыс ақпарат тарату тәртібі талқыланды.
Тілеуберді Сахаба, «Сарыарқа самалы» облыстық газетінің шолушысы:
- Қоғамда дін десе, терроризмді еске алады.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.