ШҚО-да малға арналған «айыппұл тұрағы» көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да малға арналған «айыппұл тұрағы» көбейіп келеді

07.12.2018

Аймақтағы полицейлер осылайша барымтамен күресті күшейтпек. Ұрының көзі, алдымен, иен далада қараусыз жүрген малға түсетіні белгілі. Сонымен қатар, жол маңында жүрген төрт түліктің кесірінен жол-көлік апаттары да жиі болады. Осындай жағдайларды болдырмау үшін облыс бойынша барлығы 200-ден астам уақытша мал қамайтын орын әзірленген. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қараусыз, емін-еркін жүрген 1500 бас қой-ешкі, сиыр және жылқыны осы тұрақтарға қамаған. Ол жерден алып кету үшін малдың иесі тиісті құжаттарын көрсетуі тиіс. 

Азамат Раисов, облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:

- Осы жасалған ұрлықтарды сараптау барысында, көп бөлігі еркін жайылымнан жасалатынын көрдік. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында ауылдық жерлерде облыс бойынша 218 тұрақ орыны белгіленген. Бұл жерге еркін жайлымда қараусыз жүрген малдар тоғытылатын болады. Содан иелеріне қайтарылады.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу