Көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 16 пайызға артып отыр. Бұл туралы еліміздің Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Оның сөзінше, Қазақстандағы балалар ойыншықтарының 58 пайызы техникалық талапқа сәйкес келмейді. Сондай-ақ, олардың 1,5 пайызында улы заттар табылған.
Елімізге ойыншықтардың 89 пайызы Қытай, Түркия, Украинадан әкелінеді. 10 пайызы Ресей мен Белоруссиядан импортталса, қалған 1 пайызы ғана отандық өнім. Осындай жағдайға байланысты биыл маусым айынан бастап кәсіпкерлерден тауар сертификатын талап ету жөнінде қаулы шыққан еді. «Алайда, заңға бағынбай, сол сертификаттарды қолдан жасайтындар көбейген»,-дейді министрлік өкілі.
Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:
Биылғы жылдан бастап балалар ойыншықтарының партиялары 47 пайыздан 8 пайызға дейін төмендейді. Біз жасырмай, осы мәселені көрсетіп жатырмыз. Жылдан-жылға бұл мәселеге баса мән беріліп жатыр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.