Алматыда Ауған соғысының ардагерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ауған соғысының ардагерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көрсетті

14.12.2018

 «Жетім көрсең, жебей жүр». Алматыда ауған соғысының ардагерлері жетім балалар үйіне барып, тастанды балаларға қамқорлық көрсетіп, игілікті іс жасады.

Жеткіншектерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, олардың патриоттық сезімдерін оятты. Шарапатты шарадан жақындары жырақта жүрген балалар ерекше әсер алды. Өйткені, олар ардагерлерді нағыз қамқоршылары сезінеді. Өнерлі балалар аға-әпкелеріне концерт қойды. Қоғам белсенділері бұл бастаманы дәстүрге айналдырмақ.

Әли Нариманұлы, «Абырой» Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы:

- Барлық алматылықтарды, қазақстандықтарды, жетімдер үйінің ұжымын келе жатқан мерекелерімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, бақыт, бейбіт өмір тілейміз. Елімізде әрдайым бірлік, ұлтаралық татулық болсын!

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу